Мемлекет басшысы жаңа теміржолдың Түркімен-Иран бөлігінің ашылу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жаңа теміржолдың Түркімен-Иран бөлігінің ашылу рәсіміне қатысты

03.12.2014
Мемлекет басшысы жаңа теміржолдың Түркімен-Иран бөлігінің ашылу рәсіміне қатысты

Салтанатты шараға Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани де қатысып, үш мемлекеттің басшылары Түркіменстан мен Иран теміржолдарын түйістірді.

Осыдан кейін Қазақстан астығын тиеген жүк пойызы Түркіменстан тарабынан Иран шекарасын кесіп өтті.

Айта кетерлігі, үш мемлекеттің аумағынан өтетін «Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Гөрган» теміржол желісі - «Солтүстік-Оңтүстік» жаңа халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі.

Бұл жоба Қазақстан, Түркіменстан және Иран президенттері қол қойған бірлескен декларацияға  орай жүзеге асырылуда.

Жолдың 146 шақырымы - Қазақстан,  700 шақырымы - Түркіменстан, ал, қалған 82 шақырымы - Иран аумағы арқылы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу