Шара барысында Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қосқан үлесі туралы баяндады.
Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары А.Клец Н.Назарбаевтың ел егемендігіндегі аса маңызды рөлін атап, нарық қарым-қатынасының орнығуы, әлеуметтік тұрақтылықтың орнауы, халықаралық серіктестермен өзара тиімді әрі ыңғайлы қатынас орнатқанын атап өтті.
Апталық «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» бөлімімен басталды.
Сондай-ақ, көрермендерге ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрме ұсынылды.