«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бағдарламаларды орыс тілінде субтитрлеуді алғаш болып қолға алды – Н.Мұхамеджанова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бағдарламаларды орыс тілінде субтитрлеуді алғаш болып қолға алды – Н.Мұхамеджанова

05.12.2014
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бағдарламаларды орыс тілінде субтитрлеуді алғаш болып қолға алды – Н.Мұхамеджанова

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы телехикаяларды, маңызды деген бағдарламалар мен деректі фильмдерді орыс тілінде субтитрлеуді алғаш болып қолға алды, соның арқасында телеаудитория саны 2 есеге артты.

 «Жыл таңдауы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова осылай деді.

«2011 жылы Елбасының тапсырмасымен толықтай қазақ тілінде хабар таратуға көшкен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы жалпы өнімнің 55 пайызы ішкі өнім үлесіне тиесілі. 3 жыл ішінде аутсорсингтік компаниялардың саны 4 есеге артты.

Телеарна телехикаяларды, маңызды деген бағдарламалар мен деректі фильмдерді орыс тілінде субтитрлеуді алғаш болып қолға алды, соның арқасында біздің телеаудитория саны 2 есеге артты.

Сіздердің ықыластарыңызға, орынды айтылған сыни пікірлеріңізге алғысымызды білдіре отырып, алған бағытымыздан таймайтынымызға сендіргім келеді», - деді Басқарма төрағасы.

Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара.

Жеңімпаздар «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде 17 номинация бойынша анықталды.

Хабарламаларға жазылу