Павлодарда арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының оқушылары арасында «Брайль әдісі бойынша оқып, жазамыз» атты байқауы өтті, деп жазады pavlodarnews.kz.
Байқаудың мақсаты – нашар көретін және зағип жандар арасында Брайль жүйесін насихаттау.
Қазылар алқасының қорытындысымен І орынды 5-сыныптың оқушысы Вероника Герасимова, II орынды 3-сыныптың оқушысы Максим Бирюков, III орынды 6-сыныптың оқушысы Диляра Асаинова иеленді.
Сондай-ақ балаларды дайындаған Айсұлу Зарипова, Брайль сабақтары бойынша үйірме жетекшісі Жамал Кенжекбекова, тәрбиешілер Райгүл Махамбетова, Қарлығаш Мақсұтова, Анар Матенова алғыс хаттарға ие болды.