Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт суытады

05.12.2014
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт суытады

Батыс Қазақстан облысында 6-7 желтоқсан күндері ауа температурасы күрт суытып, 16-21 градусқа, кей жерлерде 24 градусқа дейін төмендейді. Осыған орай БҚО ТЖД ескерту жариялайды.

Аймақта төтенше жағдайларға жол бермеу үшін, сондай-ақ, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмыс істеу үшін атқарылар шаралар жіті қадағаланбақ.

Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ-на сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

Хабарламаларға жазылу