Солтүстік Қазақстан облысында хоккей командасы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында хоккей командасы құрылады

06.12.2014
Солтүстік Қазақстан облысында хоккей командасы құрылады

«Ағымдағы жылдың шілде айында біз жеңіл атлетикаға арналған манежі бар жабық мұзайдынының құрылысын бастадық. Баяндамамда атап өткенімдей, мұзайдыны Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуровтың есімімен аталатын болады. Айтпақшы, онда велошабандоздардың жаттығуы үшін арнайы орын болады. Өздеріңіз білетіндей, веложарыста Солтүстік Қазақстан  мықты. Біздерде бірнеше Әлем чемпионы мен Олимпиада чемпионы бар», - деді облыс басшысы.

Е.Сұлтанов сөзінде келер жылдың қыркүйек айында аталған спорт нысанының пайдалануға берілетіндігін атап өтті.

«Біз Петропавл қаласының жоғары лигада ойнайтын хоккей командасын құру бағытындағы жұмыстарды жүргізудеміз. Сондықтан да жоғары лиганың келесі хоккей маусымында Петропавл қаласы командасының да ойнайтындығына сенімдімін», - деді Е.Сұлтанов.

Хабарламаларға жазылу