«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырып отырған «Жырлаймын туған елімді» жыр додасы жалғасын табуда. Байқаудың келесі қатысушылары Қарағанды және Қызылорда облысының тумалары - Аяулым Дастанқызы мен Жанат Жүсіпова және ШҚО, Үржар ауданының тұрғыны Нұрғазы Баймұқашұлы.
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тұрғыны Аяулым Дастанқызының «Көгершін көңіл елеңдеп...» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз. Ал, Жанат Жүсіпованың туындысын толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен тыңдай аласыздар.
Биік таулар мұнарым,
Шабыт бердің сен маған.
Көңілімді ауладың,
Жазиралы кең далам!
Ақ жауының сіркіреп,
Көңіл кірін жуған жер.
Тілеуімді жүр тілеп,
Қасиетті, Туған жер!
Кеудемде нәзік жүрегім,
Ұшып бара жатқандай,
Қызыл Күнің білемін,
Құшып барып батқандай.
Көгершін көңіл елеңдеп,
Жүзеді өмір көшінде,
Тосқауылдарды жеңем деп
Алқынған кезім есімде.
Басымды мәңгі иемін,
Әрқашанда киелі
Туған жерімді сүйемін!