Бүлдіршін кезінен сахнаға шығып, бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты атанған жас толқын өнерпаздардың бірі – Рүстем Жүгінісов. Оның соңынан ерген бауырлары да өнер әлемінен алыс емес.
Кішкентай Мұхамедәлидің бағындырған белестері де жетерлік. Балалар арасындағы халықаралық «Жаңа толқын» байқауында ел намысын қорғап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Рүстем, Мирас, Мұхамедәли Жүгінісовтердің репертуарында бірнеше ән бар. Жақында олар алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды. Ән елордамыз – Астана қаласына арналады.
«Әннің әуені – корей елінікі. Мирас пен Мұхамедәли бір күні «мына әнді Астанаға аударып алсақ, қалай болады», деді. Осылайша, әнді қазақша сөйлеттік»,-дейді Рүстем Жүгінісов.
Сюжеттің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.