Спектакль либреттосының негізін Бақыт Қайырбековтің жыр жолдары құрады. Қойылым - жас хореограф Мукарам Авахридің еңбегі.
Балетті қою жұмысына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алила Әлішева, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тати, Удмурт Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Николай Маркелов, педагог-репетитор Зауре Үмбетқұлова атсалысты.
Көрермендер қойылымды 10 және 11 желтоқсанда «Астана Опера» сахнасынан тамашалай алады.