16 жасынан бастап ел билігіне араласқан жырау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 жасынан бастап ел билігіне араласқан жырау

09.12.2014
16 жасынан бастап ел билігіне араласқан жырау

Жиембет Бартоғашұлы – жырау, биі әрі батыр. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыққан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен.

16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе, ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дәрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді.

Ханның жауынгер жасағын басқарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады.

Бүгін Ұлттық арнадан 19.05-те «Жорық жолындағы Жиембет жырау» арнайы тележобасынан жырау туралы толығырақ біле аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу