Көрме 10-17 желтоқсан аралығында Астана қаласында, ал 21-31 желтоқсан аралығында Алматыда ашылады.
World Press Photo – фотожурналистика саласындағы жыл сайын өтетін беделді халықаралық конкурс. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кәсіби фоторедакторлар мен фотографтардан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы жеті категория бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде газет-журналдар мен агенттікте жарияланған үміткерлердің жұмысын бағалайды.
Олар екі аптаның ішінде әлемнің 124 елінен 5 666 автордың 103 мыңнан астам суретін қарап шықты. 2014 жылдың ақпанында Амстердам қаласында байқаудың финалы 57-ші рет ұйымдастырылды.
Жылдың маңызды оқиғаларын баяндайтын жеңімпаздардың суреттері екі ай бойы Амстердам қаласында көрмеге қойылады. Кейін әлемнің өзге елдерін аралайды. Орта есеппен жыл сайын көрмені екі миллионға жуық адам тамашалайды.
Биыл 45 елдің 105 галереясы мен музейінде ұсынылған. Көрме Орталық Азияда екінші рет өтпек, Желтоқсан айында Астана мен Алматыда, ал қаңтарда Бішкекте ұйымдастырылады.
World Press Photo – тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. 1995 жылы Нидерланд Корольдігі ханзадасының бастамасымен құрылған.
Ұйым тәуелсіз фотожурналистика мен еркін ақпарат алмасуға ерекше алаң ұсынады. World Press Photo Dutch Postcode Lottery (Голландиялық пошта лотереясы) қолдауымен жұмыс істейді. Әлем бойынша көрменің демеушісі - Canon.
Көрме Қазақстанға Нидерланд Корольдігі, Еуропалық Одақ өкілдігі және Канаданың дипломатиялық қолдауымен әкелінді.
Галереяның жұмыс істеу уақыты:
Жұмыс күндері: 11:00 - 19:00
Демалыс күндері : 11:00 - 17:00
Астана қаласы, «Астана» Ұлттық картина галереясы (Республика даңғылы, 2).
Фото: www.worldpressphoto.org