Астананың 2015 жылғы бюджеті – 335 миллиард теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың 2015 жылғы бюджеті – 335 миллиард теңге

11.12.2014
Астананың 2015 жылғы бюджеті – 335 миллиард теңге

«2015 жылғы бюджетті қарап, тиісті түзетулер енгізу керек. Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдемелер мен міндеттемелердің ең төмен стандарттарын толық көлемде қамтамасыз етуге міндеттіміз. Барлық пайдаланылатын бюджет қаржысын алға қойған мақсаттар мен міндеттерді шешуге бағыттау керек, олар нақты нәтижелерге әкелуі тиіс», - деді Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков.

Мемлекет басшысы елордамыздың дамуына баса назар аударады. Бүгінде Астанада көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2015 жылы 200 астам жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 170 миллиард теңгеден артық қаржы қарастырылды. Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджет қоры 335,1 миллиард теңгені құрайды.

Әділбек Жақсыбековтің атап өтуінше, қаланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі «Ақылды қала», «Зияткерлік көлік жүйесі», «БРТ», «Кешенді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйесі» сияқты жобаларды жүзеге асыру, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Фото: ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу