«Кімге ұқсатам, білмеймін қандайымды,
Мама, кеп, бір иіскеші маңдайымды.
Ақуызға толмаған таңдайымды,
Толтырайын айтумен жағдайымды...»
Бүгінде ата-аналардың балаларынан оңай бас тартып, жетімдер саны күн санап көбейіп келеді. Балалар үйін көргенде, қазақ халқының бойына сіңген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерінің ізін көру қиын.
Бүгін 19.45-те «Тағдыр» бағдарламасынан Арқалық қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері туралы біле аласыздар.