«16 желтоқсанда, ҚР Тәуелсiздiгi күнiнде Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы кәсiпқой бокстан Әлем чемпионы кiшi Рой Джонс және Олег Маскаевпен кездеседi», - делiнген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғанындай, боксшылар Қарағандыда өтетін Ғалым Жарылғапов атындағы XXXI Халықаралық бокс турнирiне қонағы болмақ.
Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, 2006-2008 жылдардағы WBC чемпионы. Рой Джонс бiрнеше салмақ дәрежесiнде және барлық нұсқалар бойынша Әлем чемпионы атанған.