«Мен Қазақстанға келгенімен қуаныштымын. Олег Маскаевтан сіздердің елдеріңіз туралы естідім. Ол мені қайта-қайта шақырған еді. Мені құшақ жая қарсы алғанда риза болдым. Қазақстанда өткізген әр секундымнан рахат алудамын. Сіздерге келемін деп ешқашан ойлаған емеспін. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. АҚШ-та Тәуелсіздік күнін тойлайды. Сондықтан бұл мерекенің ел үшін қаншалықты маңызды екенін білемін. Қазақстанға тағы келемін деп уәде беремін», дейді боксшы.
Еске сала кетейік, атақты боксшылар кіші Рой Джонс пен Олег Маскаев Қазақстанға Жарылғапов атындағы бокстан ашық турнирдің ашылуына қатысу үшін келген. Жарыс Қарағанды қаласында 17-21 желтоқсан аралығында өтеді. Кіші Рой Джонс ашылу салтанатында өлең шырқайды.