Бір қызығы, бұл ондықта Қытай мен Үндістан жоқ. Рейтингті Bigpicture.ru сайты құрастырған.
Әлемде шайды ең көп ішетін ел - Түркия. Шайды тұтынудың бұл елдегі орташа мөлшері - халықтың жан басына шаққанда 6,87 келіні құрайды екен.
Ал, екінші орында – Марокко. Мұндағы шайды тұтынудың орташа көрсеткіші - халықтың жан басына шаққанда 4,34 келі.
Үшінші орында - Ирландия. Бұл елдің орташа көрсеткіш - 3,22 келі шай.
Төртінші орын Мавританияда. Мұндағы көрсеткіш те - 3,22 келі.
Бесінші орында - Ұлыбритания. Бұл елдегі шайды тұтынудың орташа көрсеткіші - халықтың жан басына шаққанда 2,74 келі.
Алтыншы орында - Сейшель аралдары тұр. Орташа көрсеткіш - 2,08 келі.
Жетінші орында - Біріккен Араб Әмірліктері. Бұл елде - жан басына шаққанда 1,89 келі шайдан келеді.
Сегізінші орын Кувейтте. Мұндағы шайдың жан басына шаққандағы мөлшері 1,61 келіні құрайды.
Ал тоғызыншы орында - Катар. Көрсеткіші - 1,60 келі шай
Қазақстан әлемдегі ең көп шай ішетін он елдің қатарындағы оныншы орында тұр. Шайды тұтынудың орташа мөлшері - халықтың жан басына шаққанда 1,54 келі, деп хабарлайды tengrinews.kz.