Алматылық Әділ Серікбайұлы ойыншық көліктер жинаумен айналысады. Оның әдеттен тыс әуестігі балалық шағынан басталған. Әрқилы көліктер ішінде полиция, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметінің көліктері бар.
Танк, бронды техника, жол талғамайтын көлік секілді соғыс машиналары бір сөреде орналасқан. Қазір коллекциясы 400-ге жеткен Әділ: «Жалпы, бүкіл әлемде есігі, капоты, жүк салғышы ашылатын көліктер жоғары бағаланады»,-дейді.
Кезінде алуан түрлі автобустармен әуестенген. Алайда, көп орын алатын болғандықтан, олардың санын азайтқан. Әділдің коллекциясында ретро-көліктер де жетерлік. Олардың қатарында – «Победа», «Запорожец», «Волга» және «Москвичтер» де бар.
Бүгінде Алматыда 20 шақты көлік жинаушы бар. Әділ солармен жиі кездесіп, айырбас жасап тұрады. «Біз қоғамда осы мәселені халыққа жақсылап ұғындырғымыз келеді. Әр кездесу сайын талқылаймыз, кейде тіпті көрмелер өткіземіз. Жақында «Авто-аңыздар» деген сериямен жаңа көліктер жарыққа шықты. Дүкендерде сатылып жатыр. Балалар да қызығушылық танытуда. Көшеде бос жүріп, жаман әдеттерге бой алдырғанша, бір нәрсемен әуестенгені дұрыс қой»,-дейді жәдігер жинаушы.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.