Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін

19.12.2014
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін

Жер-жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканың басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

«Алматы облысында желдің жылдамдығы 19-24 м/с, түнде тұман түседі. Ақмола, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысында түнде және таңертең, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында жер-жерлерде тұман болады.  Қостанай, Батыс Қазақстан облысында күндіз, Маңғыстау облысының жер-жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін»,-делінген Комитеттің хабарламасында.

Алматыда күндіз 2, түнде 3 градус аяз болып, қар жауады. Ылғалдылық – 82 пайыз, батыстан соққан жел екпіні – 1 м/с. Ал, Астанада күндіз ауа температурасы минус 9, түнде минус 14 градус болады. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы – 2 м/с. Ылғалдылық – 68 пайыз.

Хабарламаларға жазылу