«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетілген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы, жүргізуші Жанар Байсемізова «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының «Ұшқыр ойлы тележурналист» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.
«Халықтың сүйіктісі болу зор мәртебе! Мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының басшылығына, әріптестеріме, ұжымыма үлкен рахметімді айтамын!», - деді Жанар Байсемізова.
«Халықтың сүйіктісі» сыйлығының жеңімпаздары дауыс беру арқылы анықталған. Оған қазақстандықтармен қатар, АҚШ, Канада, Украина, Қырғыз Республикасы және Еуропа елдерінің азаматтары қатысқан.
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының негізгі мақсаты - шет мемлекеттерге кеткен қазақстандық балалардың тағдырына қоғам назарын аудару. Әр хабарда балалардың қазіргі өмір сүру ортасы, тағдырлары, тұрмыс деңгейі жан-жақты баяндалады.