«Халық өз басшысын сайлаған кезде сол басшыға тізгінді қолына беріп: «Біздің жағдайымызды ойла» деген тілегін айтады. Айтылмаса да, халық аманатының мағынасы - сол. Сондықтан да, Президенттің, ел басқарған адамның мойнындағы жүктің ауырлығы - осында. Болашақтағы оқиғаларды біліп, тұспалдап, сараптап, соған қарсы алдын ала қиындатпау мәселесі.
Өздеріңіз көріп отырсыздар, мен Жолдауды қашан жарияладым?! Ал, одан кейін бір айдағы Ресейде болатын жағдайды ешкім де ойламаған. Жалпы, мен сараптап келіп, дүниежүзілік экономикада осындай жағдайдың жақындап қалғанын біліп отырдым. Сондықтан да бұл алдын ала ойластырылған қадам», - деді Елбасы.