«Туған күніңізге орай менің құттықтау сөздерімді қабыл алыңыз. Әзірбайжан Республикасын дамыту ісіндегі Сіздің талпыныстарыңызды, іскерлігіңізді жоғары бағалаймын», - делінген Әзірбайжан Президентінің сайтына орналастырылған құттықтау мәтінінде.
«Екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар аясының кеңеюі соған дәлел»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті Ильхам Әлиевке мықты денсаулық, жаңа жетістіктерге қол жеткізуін, ал Әзірбайжан халқына бейбітшілік пен өркендеуді тіледі.
Айта кетейік, 24 желтоқсанда И.Әлиев 53 жасқа толды.