Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру, жаңа технологияларды енгізу – осының бәрі "Үдемелі индустриялық-инновациялық жаңа мемлекеттік" бағдарламасының бірінші бесжылдығының нәтижелері.
Бес жылда 3 триллион теңгенің 770 нысаны қатарға қосылды. 75 мың жаңа жұмыс орны ашылды, жаңа өнімнің 350 түрі шығарылды.
25 желтоқсан күні Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстанның жаңа индустрияландыру бағдарламасы: 2014 жыл және бірінші бесжылдықтың нәтижелері жалпыұлттық телекөпірі өтеді.
Сондай-ақ, Елбасының «Алтын сапа» сыйлығының, Қазақстанның үздік тауар «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.30-да көріңіз.