Бүгін – Тұрар Рысқұловтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Тұрар Рысқұловтың туған күні

26.12.2014
Бүгін – Тұрар Рысқұловтың туған күні

Тұрар Рысқұлов – көрнекті мемлекет қайраткері. 1894 жылы дүниеге келген. Ол жастайынан қиындық көріп, ерте есейді. Болашақ кілті білімде екенін түсініп, оқуға ден қойды. 1916 жылы небәрі 22 жасында отаршылдыққа қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастырып, Кеңес үкіметі кезінде жауапты қызметтер атқарып, бүкіл қажыр-қайратын ұлт мұратына бағыштады.

«Большевиктік жолды ұстана отырып, өзінің қазақ екенін бір минут та есінен шығармаған адам. Қанша жерден жоғары қызметте болсын, бір минут та өзінің басты міндеті – қазақты қорғау екенін ұмытпаған»,-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбек.

Тұрар Рысқұлов – РФ халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Ол кезде жасы 30-ға да толмаған еді. Түрксіб теміржолын салуға басшылық етті.

Маманданған қазақ жастарын қалыптастыруға, жастарды Ресейде және басқа да шет мемлекеттерде оқытуға көп көңіл бөлді.

Тұрар Рысқұлов – терең ойлы, әлемдік деңгейдегі реформатор тұлға. Экономика, мәдениет, дипломатия, тарих секілді ғылымның сан саласын жетік меңгерген дарынды қазақ. Ол түркітілдес халықтардың конфедерациясын жариялы түрде ұсынып, шын мәнінде тәуелсіз мемлекет құруды армандады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу