Оның көп шығармаларына тән нәрсе – әшекейлеу. Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер, сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі, олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары – Гүлфайруз Исмаилованың тақырыптық әлемі.
Суретшінің еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальде «Захар Беркут» ( А. П. Довженко атындағы студия), «Рустам и Сухраб» («Тәжікфильм») эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан, ең үздік еңбек болып танылған.
Ол қазақ киносының тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және жауынгерлік жарақтары бейнеленген фильмге арнап 1500-ден астам эскиз жасады.
Қазақтан шыққан тұңғыш суретші қыз – Гүлфайруз Исмаилова туралы толығырақ бүгін 17.00-де «Жарқын бейне» хабарынан көріңіз.