Ибрагим Исаның тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын сырға» деп аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ибрагим Исаның тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын сырға» деп аталды

29.12.2014
Ибрагим Исаның тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын сырға» деп аталды

Ибрагим Исаның тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын сырға» деп аталды. Ақын бұдан кейінгі барлық шығармашылық еңбектері де шебердің қолынан шыққан алтын сырғадай әдемі еді. Қаламгер 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылында дүниеге келген.

Ақынның әр жылдары жарық көрген «Таң алдындағы ән», «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның жарығы» аталатын өлеңдер мен балладалар жинағы бүгінгі ұрпақтың іздеп жүріп оқитын кітаптарының қатарында.

Қазақ әдебиетіне қаламгердің қосқан сүбелі үлесі ескеріліп, оған халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

Ибрагим Иса көптеген әсем әнге келістіріп сөз жазды. Ақын сөзіне жазылған әндерді Роза Рымбаева, Гүлмира Ақүрпекова, Мақсат Базарбаев т.б. елге танымал әншілер орындап жүр.

Арынды ақын ғибратты ғұмырында тұмадай тұнық өлеңдерімен оқырман жүрегіне жол тапты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу