Жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі

01.01.2015
Жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықаралық тәжірибені зерделеп, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін әзірлеген болатын, деп жазады ҚазАқпарат.

Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруді үш кезеңде жүргізiлмек. Бірінші кезеңде жүйенің негізгі компоненттері жетілдіріледі. Екінші кезеңде еңбекақы төлеу тетігін соңғы нәтижелер бойынша енгізу көзделуде. Ал үшінші кезеңде сараланған үстемақы енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердің 4 қызметтік блогын бөлу қарастырылған, олар кәсібилік және жауапкершілік деңгейінің өсуіне сай қарастыратын болады.

Аталған жүйе бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 91 494 теңгені құрайтын болады. Жалақы өсу пайызы 33-ке тең.

Жаңа жүйе мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі арасындағы алшақтықты қысқартады. Ұстаздар, дәрігерлер еңбегінің мәртебесін көтереді.

Фото: news.gazeta.kz

Хабарламаларға жазылу