«Телқоңыр» хабарында Мағауия Хамзиннің күйлері туралы айтылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Телқоңыр» хабарында Мағауия Хамзиннің күйлері туралы айтылмақ

03.01.2015
«Телқоңыр» хабарында Мағауия Хамзиннің күйлері туралы айтылмақ

Шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзиннің мектебі бар ма? Оның тыңдарманын баурап алар ерекше қасиеті қандай? Бұл туралы «Телқоңыр» хабарында айтылмақ. Бағдарлама бүгін, сағат 13:30-да эфирге шығады.

Мағауия Хамзин - 1927 жылы  қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қоңырат ауылында дүниеге келген.  Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай өнерпаз адамдар болған. Оны күйшілік өнерге әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер баулыған.

Мағауия  Хамзин қазіргі заман тақырыбына арнап, «Қосбасар» (2 нұсқасы), «Шахтер күйі», «Космонавтар», «Алтын астық», «Жайлау», «Жарыс», «Амангелді туралы күй», «Шопан күйі», «Белгісіз солдат», «Тоқырауын толғауы», «Жас қазақ» сынды күйлерін шығарған.

Домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі Мағауия Хамзин туралы қызықты ақпарат білгіңіз келсе, Ұлттық арнадан «Телқоңырды» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу