«Тағдыр» - қайғы мен қуанышқа толы шытырман оқиғалы телехикая - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тағдыр» - қайғы мен қуанышқа толы шытырман оқиғалы телехикая

03.01.2015
«Тағдыр» - қайғы мен қуанышқа толы шытырман оқиғалы телехикая

Адам өміріндегі маңызды сезім – ол махаббат. Біреуге бақыт сыйласа, енді біреудің басына қайғы үйіреді, біреуді үміттендіріп күттірсе, енді біреуге ешқашан оралмайды. Міне, біздің кейіпкерлеріміздің тағдырын әлекке салатын оқиға осындай.

Бұл оқиға 1992 жылдан бастау алады. Қалихан – ауданның өте беделді, бай адамы, оның әйелі Шолпан туыттан қайтыс болады, аман қалған қыздары - Жұлдыз. Оны емізіп, сүт анасы атанған Шәрипаның да күйеуі қайтыс болған. Ол Шолпанды құтқара алмай қалған дәрігер еді. Оның қалай қаза болғаны белгісіз. Қыздары Айдана, Жұлдызбен жасты. Шәрипа мен Айдана енді Қалиханның үйінде тұрады, оларды Қалиханның анасы Зейнеп, көмекшісі Жаназар отбасымен жылы қабылдаған.

20 жыл өткеннен соң, Жұлдыз бен Айдана университет түлектері. Айдана – педагогика факультетінде грантта оқиды, ал Жұлдыз журналистиканы таңдаған. Бірі үмітсіз басталған махаббатына қол жеткізіп тұрмысқа шықса, енді бірі үлкен той алдында қайғыға душар болады. Қайғы мен қуанышқа толы шытырман оқиғаның соңында, жауапсыз қалған Айдананың әкесінің өлімі, Шолпанның өліміне кімнің  себепші болғаны, Жұлдыз бен Айдананың жеке бастарындағы, өз махаббаттарының құпиясы да ашылмақ.

 

 «Тағдыр»

(Қазақстан,  Сатай фильм, 2012 жыл)

Режиссері: Айдын Сахаман

Рөлдерде: Алдабек Шалбаев, Дулыға Ақмолда, Раушан Байзақова, Зарина Қарменова

20 бөлімнен тұрады.

Хабарламаларға жазылу