General Motors 2011-2012 жылдары шығарған көліктерін кері қайтарып алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

General Motors 2011-2012 жылдары шығарған көліктерін кері қайтарып алмақ

03.01.2015
General Motors 2011-2012 жылдары шығарған көліктерін кері қайтарып алмақ

Осы жолы сервистік акцияға 83 мың Chevrolet Suburban, Chevrolet Tahoe, GMC Yukon, Cadillac Escalade жол талғамайтын көліктер, Chevrolet Silverado, GMC Sierra және Chevrolet Avalanche  ілікті. Олардың барлығы 2011-2012 жылдар аралығында шығарылған.

Бұл көліктердің оталдыру құлпындағы ақау кілттің кездейсоқ бұралып кетуіне, ол двигательдің өшуінетежегіштің күрт іске қосылуына соқтырады.

GM 34 елде жеңіл және жүк көліктерін шығарады, оларды 140 елде сатып, техникалық қызметтер көрсетеді.

 

Фото: carlook.net

Хабарламаларға жазылу