Банктердің алыпсатарлықпен айналысуға мүмкіндігі жоқ – Андрей Цалюк - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктердің алыпсатарлықпен айналысуға мүмкіндігі жоқ – Андрей Цалюк

07.11.2015
Банктердің алыпсатарлықпен айналысуға мүмкіндігі жоқ – Андрей Цалюк
Шетел валютасын саудалау кезінде ымыраласып, алыпсатарлықпен айналысатындарға жаза күшейтіледі.

Қазір тиісті Заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк елдегі ақпарат порталдарының біріне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Десе де оның айтуынша, қазірдің өзінде отандық банктер валюта нарығында оңайлықпен айла жасай алмайды. Тек ірі компаниялар банктер арқылы тапсырыс беріп ваюта бағамына әсер ете алады. Бірақ бұл үшін қаржы институттарын алыпсатарлықпен айналысып отыр айыптау дұрыс емес, дейді Андрей Цалюк.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу