Алматыда жарықтың бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жарықтың бағасы қымбаттады

05.01.2015
Алматыда жарықтың бағасы қымбаттады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекті тарифтерді белгілеу туралы» 2009 жылдың 25 наурызындағы № 392 Қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегі энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына босату бағасын көтеретіні туралы хабарлады:

Солтүстіктегі энергия көздері - 8,8 теңгеге дейін (10 пайыз);

«Алматы электр станциялары» АҚ - 8,6 теңге (5 пайыз);

Жамбыл ГРЭС-і – 8,7 теңгеге дейін (2 пайыз).

 

Сонымен қатар, электр энергиясын «KEGOC» АҚ желілері арқылы тарату 33 пайызға, «АЖК» АҚ өңірлік деңгей желілері арқылы тарату 4 пайызға өсті.  Сондай-ақ, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 0,083 теңге/кВтсағ өсті.

Электр энергиясының сатылу тарифінің негізгі бөлігін нарықтағы бағасы құрайтындықтан, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын тұтынушыларына тарифтің 7,5 пайызға өзгеретінін хабарлайды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушылары үшін төмендегі тарифтер қолданылады:

 

Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12 пайыз-ҚҚС есептегенде)

 

·         бірінші деңгейлі тариф  –  1 кВт.сағ. 15,43 теңге

·         екінші деңгейлі тариф  –  1 кВт.сағ. 20,90 теңге

·         үшінші деңгейлі тариф  – 1 кВт.сағ. 26,13 теңге

Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф, (12 пайыз-ҚҚС есептегенде)

 

Екі зоналы есептеу жүйесі бойынша:

күндізгі тариф (7.00-ден 23.00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 22,33 теңге

түнгі тариф  (23.00-ден 7.00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге

 

Үш зоналы есептеу жүйесі бойынша:

күндізгі тариф (7-00-ден 19-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 17,42 теңге

ең жоғарғы деңгейдегі тариф (19-00-ден 23-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 36,48 теңге

түнгі тариф (23-00-ден 07-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге

 

Бұл туралы Алматы энергия кешенінің қоғаммен байланыс бойынша қызмет көрсетудің жалпы орталығы хабарлайды.

Хабарламаларға жазылу