Қазақстандық зілтеміршілер Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық зілтеміршілер Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль иеленді

05.01.2015
Қазақстандық зілтеміршілер Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль иеленді

Катар еліндегі додаға 23 мемлекеттен 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі 180 спортшы қатысуда.

Ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені 17 жасқа толмаған жасөспірімдердің 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Игорь Сон салды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 208 келіні бағындырды.

Ал, жастардың арасында 69 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен Альберт Линдер қоссайыс нәтижесі бойынша 311 келі (140+171) көтеріп, Қазақстанға екінші алтын жүлдені әкелді.

Сонымен қатар, Әйгерім Әуелбек, Кристина Крахалева, Михаил Макеев және Семен Линдер күміс жүлде ұтып алды. Тимур Хасаров 56 келіге дейінгі салмақта қола медальға ие болды.

7 қаңтар күні тағы да бір зілтеміршіміз Селимхан Әбубәкіров (+105 келі) сынға түседі.

Хабарламаларға жазылу