Электрондық үкімет – мемлекет атқаратын қызметтер мен функцияларды ғаламтор арқылы және ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырады.
Бұл механизм қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы электрондық үкіметтің даму қарқыны, жаңа жүйені енгізудегі шетел тәжірибесі туралы бүгін, 17.50-де Ұлттық арнаның «Өзекжарды» хабары сөз қозғамақ.
Студия қонағы - Бахрейн корольдігінің Электрондық үкімет басқармасының вице-президенті Закария Ахмед аль-Хаджа.