Зайыбы Бақытжан Құрманбаева бір естелігінде: «Ғанидың көп уақыты кітап оқумен өтеді. Күн сайын 2-3 сағатын кітапқа арнап, соңынан мазмұнын дәптеріне түртіп отыратын.
Тың жаңалықты білуге жаны құмар еді. Ол «Адам ойға, пейілге бай болсын, дүниеқұмарлық кісіні аздырады» дегенді жиі айтатын», деп жазады.
Халқының мақтанышына айналған тұлға туралы деректі фильмді бүгін Ұлттық арнадан көре аласыздар.
Басталуы - 17.00-де.