«Уралец» компаниясы шағын тракторлар шығарады. Бұл марканың нарықта жүргеніне 20 жыл уақытқа жуықтапты. Яғни, бұл өнімге сұраныс бар. Ал, оның бағасы (1 миллион теңгеге дейін) фермерлерге тиімді. Кәсіпорын жылына 500 «Уралец» пен өзге де техника шығаруды көздеуде», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жаңа жыл алдында өткен көрмеге қойылған алғашқы төрт трактор Алматы, Ақсай (БҚО), Ақтөбе және Алғаға сатылған. Жалпы, өндірушілер өнімін еліміздің барлық аймақтарында саудаламақшы.
«Ресейлік әріптестер шағын трактор құрастыру үшін жиынтықтаушы бөлшектерді жеткізеді. Біздің техника агроөнеркәсіптік кешен, коммуналдық шаруашылық салалары және жол жөндеу жұмыстарына арналған. Ал, олар жұмыстың 50 түрін атқара алатын болады», - деді «Трактор» МТС» ЖШС директоры Сабыржан Бегімбаев.