Ақмола облысында жолда қалған Қырғыз Республикасының азаматтары құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жолда қалған Қырғыз Республикасының азаматтары құтқарылды

12.01.2015
Ақмола облысында жолда қалған Қырғыз Республикасының азаматтары құтқарылды

Атбасар ауданы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" тасжолының бойында істен шыққан шағын автобустағы қырғыз елінің азаматтары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша қаңтардың 11-і күні "Алматы-Екатеринбург" күре жолының 986 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус істен шыққан. Құтқару жұмыстарына "Жолаушылар тасымалы" МКК-ның жеке құрамынан 2 адам және 1 техника тартылды.

18 жолаушы Атбасар қаласындағы қонақүйге жайғастырылды.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу