Шымкентте балаларға арналған ойыншықтар шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте балаларға арналған ойыншықтар шығарылады

14.01.2015
Шымкентте балаларға арналған ойыншықтар шығарылады

Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылды. «Пластик Наурыз» кәсіпорны Шымкент қаласындағы «Ордабасы» индустриялық аймағында орналасқан.

Кәсіпорында түрлі өлшемдегі америкалық «МАК» ауыр жүк көліктерінің ойыншықтары, баланың өзі де отырып, жүргізе алатын «Талакар» ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптарды шығарылады. Кәсіпорын ай сайын 3-4 мың дана ойыншық жасауды жоспарлауда.

«Ойыншықтар еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының барлық талабына сай. Ойыншықтарды жасауда пайдаланатын шикізаттар токсикологиялық жағынан қауіпсіз, балалардың денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Бағасы да қолжетімді», - дейді мекеме қызметкерлері.

otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу