Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, қысқы маусым басталғалы елордада 12 іс-шара өткізілген. Қала тұрғындары мен қонақтары «Көңілді старт», коньки тебу және шаңғы жарыстарына қатысқан.
Сондай-ақ, Астанада 13 ашық мұз айдыны жасалды. Олар «Ақбұлақ» өзенінде, «Жерұйық» паркінде, Есіл өзенінде, сондай-ақ, 10 мектептің жанында орналасқан.
Сонымен қатар, биыл елордада 23 қысқы іс-шара өткізілмек. Оған студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады деп жоспарлануда.
«Біз жоспарлаған іс-шаралар толық өткізіледі. Ақпан айының соңында «Бұрқасын» іс-шарасы ұйымдастырылады. Бұл спорт мектептері, жалпы білім беру мектептерінің әуесқой спортшылары, колледждер мен университеттердің студенттері қатысатын шаңғы спортына арналған фестиваль», - дейді Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Кабдулин.
astana.kz