17 қаңтар, сенбі, 2015 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 қаңтар, сенбі, 2015 жыл

17.01.2015
17 қаңтар, сенбі, 2015 жыл

3 жыл бұрын  (2012) ҚР Ұлттық банкі Қазақстандағы VII қысқы Азия Ойындарына арн.алған 2000 теңге номиналындағы банкноттарды айналымға енгізді.

9 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдық мерейтойына арналған пошта маркаларын «Қазпошта» АҚ айналымға шығарды.

14 жыл бұрын (2001) Оралда өрт сөндіретін машина шығарыла бастады.

19 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары басталды.

23 жыл бұрын (1992) Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.

23 жыл бұрын (1992) «Zaman - Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

23 жыл бұрын (1992) Алматыдағы № 9 мектеп-интернат негізінде алғашқы түрік колледжі ашылды.

55 жыл бұрын (1960) «Білім және еңбек» деген атпен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді.

62 жыл бұрын (1953) Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі директорының орынбасары, суретші, өнертанушы Еркін Ибрагимұлы НҰРАЗХАН дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1952) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Сағадибекқызы  СОЛОВЬЕВА дүниеге келді.

65 жыл бұрын (1950) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балетмейстері Ғалия Ысмайылқызы БӨРІБАЕВА дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1942) даңқты америкалық боксшысы Мұхаммед ӘЛИ (шын аты-жөні - Кассиус Клей) дүниеге келді.

74 жыл бұрын (1941-2004) ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Шайымұлы МЫРЗАБЕКОВ дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1937) жазушы, оннан астам повесть пен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Энгельс Ғаббасұлы ҒАББАСОВ дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1933) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрхан ЖАНАЕВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу