Агенттіктің Бас директоры Аднан Амин бұл қадамды Қазақстанның IRENA-мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мен нығайтуға бағытталған игі ниет деп бағалады.
IRENA - Германия үкіметінің бастамасымен 2009 жылдың 26 қаңтарында Бонн қаласында құрылған халықаралық ұйым.
Жаңа ұйымды құрудың үлгісі ретінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) алынды.
Қазіргі уақытта ұйымға 135 мемлекет (134 мемлекет және Еуропалық одақ) мүше.
2013 жылдың 22 наурызында халықаралық ұйымның жарғысын ратификациялағаннан кейін Қазақстан IRENA-ның толық құқықты мүшесі атанды.
Айта кетейік, ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник бастаған қазақстандық делегация 17-18 қаңтарда Абу-Дабиде Жапонияның төрағалығымен өтетін ұйым ассамблеясының V сессиясына қатысады.