Солтүстікте туризмді дамыту сәтті жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікте туризмді дамыту сәтті жүзеге асырылуда

11.11.2015
Солтүстікте туризмді  дамыту сәтті  жүзеге асырылуда
 Солтүстікте туризмді  дамыту сәтті  жүзеге асырылуда


Солтүстік Қазақстан облысының туризм саласын дамытуға биыл 356 миллион теңге инвестиция тартылыпты. Айыртау ауданында жаңадан екі демалыс орны ашылып, тағы бірнешеуі күрделі жөндеуден өткізілген. Енді тарихи туризмді дамыту үшін «Ботай» қонысында аспан астындағы мұражай ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қазақ радиосының Солтүстік Қазақстан облысындағы тілші Ербақыт Амантайұлы хабарлады.

2015 жылы теріскейде «Имантау жауһары» және «Арлан» демалыс орындары ашылып, «Ардагер» қонақжайы қалпына келтірілді. Бұған 326 миллион теңге инвестиция құйылды. Ал «Салтанат» және «Сокол» балалар лагерьлерін күрделі жөндеуге бюджеттен 183 миллион теңге жұмсалыпты. «Демалыс аймағына апаратын жолдың да біраз бөлігі жөнделді. Облыста туризмді дамытудың мастер-жоспары жасалды. Онда үш жылда 370 шақырым жол жөнделеді деп көрсетілген, биыл соның 80 километрі қалпына келтірілді. 2014 жылдың алғашқы алты айында облысқа 26 мың турист келсе, биылғы алты айда олардың саны 33 мыңға жетті. «Astana EXPO-2017» ұлттық компаниясымен бірігіп, Миланда, Жапонияда, Үндістанда өткен көрмелерде аймақтың туристік әлеуеті таныстырылды»- дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов.

Теріскейдегі тарихи орындарға да туристерді тартуға болады. Жылқы малы алғаш қолға үйретілген «Ботай» қонысына қызығушылар көп. Бүгінде бұл жерде аспан астындағы мұражай ашу қарастырылуда. Техникалық-экономикалық негіздеме жасау үшін бюджеттен 5 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу