Сондықтан 28 ақпанда тұрғындарды Тұңғыш Президент саябағында өтетін кезекті аралық жүгіруге шақырады.
Әуесқой жүгірушілерге екі қашықтық ұсынылады: 10-14 жас аралығындағы жас спортшыларға – 2 шақырым, ал, 15 жастан жоғары жүгірушілерге – 10 шақырым.
10 шақырымдық қашықтықтағы жарыс жүгірушілердің жасына қарай үш топта өтеді: 15-34 жастағы, 35-49 жастағы және 50-ден жоғары жастағы жүгірушілер.
Әр санаттағы бірінші үш орынды жеңіп алған жүгірушілер «Алматы Марафонының» медальдары мен бағалы сыйлықтарына ие болады.
«Бірінші аралық жүгіруді өткен жылдың күзінде Ботаникалық бақта өткізген едік. Сонда 200-ге жуық адам жиналған. Басында қатысқысы келгендер саны көп болды. Бірақ Ботаникалық бақтың бірегейлігі қатысушылар санын көбейтуге мұрсат бермеді. Бұл жолы қатысушылар санын шектемейтін болдық. Барлықтарыңызды жарысымызға шақырамыз. «Алматы Марафонына» аз уақыт қалды, сондықтан қарқынды дайындығымызды бастайтын уақыт келді! - дейді «Алматы Марафонының» ұйымдастыру комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева.
Спорт шарасына қатысу үшін Жүгіру туралы ережемен танысып, бастапқы жарнаны төлеп, толтырылған тіркеу формасын «Алматы Марафонының» ұйымдастыру комитетіне manager@almaty-marathon.kz мекенжайына жіберу керек. Бастапқы жарна сомасы – 700 теңге, 10-14 жас аралығындағы балаларға қатысу – тегін.
Жүгіруге тіркелу 2015 жылдың 19 ақпанында аяқталады.
Фото: «Алматы Марафон» сайтынан