Жансая Әбдімәлік «Prague Open» жарысында үздік нәтиже көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансая Әбдімәлік «Prague Open» жарысында үздік нәтиже көрсетті

19.01.2015
Жансая Әбдімәлік «Prague Open» жарысында үздік нәтиже көрсетті

15 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Чехияда өтіп жатқан Халықаралық «Prague Open» турнирінде әйелдер арасында үздік шықты.

Ол 6 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті.

Украиналық гроссмейстер Александр Носенко 8 ұпаймен, турнир жеңімпазы атанды.

Жарысқа барлығы 209 шахматшы қатысқан.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік қаңтар айының соңында Францияда өтетін «Капелла ля-Гранде», Исландияда өтетін «Reykjavik Open» жарыстарында бақ сынайды.

 

Фото: vesti.kz

Хабарламаларға жазылу