«Қазақстан дауысы» жобасының бас жүлдесі - 5 миллион теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысы» жобасының бас жүлдесі - 5 миллион теңге

20.01.2015
«Қазақстан дауысы» жобасының бас жүлдесі - 5 миллион теңге

Жоба шарты бойынша, ең көп дауыс жинаған үміткер келесі кезеңге бірден жіберіледі. Ал, екінші үміткерді тәлімгердің өзі таңдайды. Қалған екеуі жобамен қош айтысады.  

Байқаудың өткен аптадағы шығарылымында әр тәлімгердің тобынан төрт үміткерден бақ сынады.

Медеу Арынбаевтың тобынан Фариза Жоламанова, Мәдина Сәдуақасованың тобынан Индира Еділбаева, тәлімгер Нұрлан Албанның тобынан Маржан Исаева, Алмас Кішкенбаевтың тобынан  Бауыржан Ретбаев ең көп дауыс жинап, келесі кезеңге өтті.  

Ал, Мақсат Мақұлбеков, Қайыржан Оспанов, Данияр Исмаилов және Дәстүр Асылхан тәлімгерлерінің шешімімен жобада қалды.

«Қазақстан дауысы» атағына үміткер келесі топтың бәсекесін 25 қаңтар күні, 21.00-де тікелей эфир арқылы көре аласыздар.

Бұл жолы ең көп дауыс жинаған екі үміткер бірден келесі кезеңге өтеді. Қалған екі үміткердің  біреуі тәлімгер шешімімен жобада қалады.

Айта кетейік, жобаның бас жүлдесі - 5 миллион теңге. Сондай-ақ, жеңімпаз «Universal» дыбыс жазу компаниясымен келісімшартқа отыру құқығын иеленеді.

         

Хабарламаларға жазылу