«Қызым үйде, қылығы түзде» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызым үйде, қылығы түзде» (ВИДЕО)

22.01.2015
«Қызым үйде, қылығы түзде» (ВИДЕО)

Қазақ «қыз» деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың  белгiсi деп таныған. Қыз баланың ұқыптылығын, жанының нәзiктiгiн, өнер-бiлiмге бейiм тұратынын жоғары бағалаған.

Қазақ қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсiрген. Көңiлiн қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген. Қызының жан дүниесі нәзік, халқының арын ойлаған, дәулетке, байлыққа қызықпағанын, адал сезімді айрықша қастерлеп, аялағанын жыр-дастандардан байқауға болады.

«Ұл бала ұятымен, қыз бала қылығымен көрікті» деген бар. Бүгінгі қыздың қылығы орынды ма? Бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» қызға сенім арта алмайтын кейіпкер әңгімесімен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу