Кәсіпқой бокста қазақтың абыройын асқақтатып жүрген жігіттердің бірі – Қанат Ислам. 2012 жылдан бері 69-70 келі салмақ дәрежесінде кәсіби бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Оның ішінде 15 қарсыласын нокаутпен ұтты. Былғары қолғап шебері бүгінде алдағы кездесулерде тағы да жеңіс тұғырынан көріну үшін қызу дайындық үстінде.
«2015 жыл мен үшін маңызды болғалы тұр. Себебі, 19-шы кездесуім наурыз айында өтеді. Қазір соған дайындалудамын. Биыл кемінде 4-5 кездесу өткізу жоспарда бар. WBA тұжырымы бойынша мен 7-ші орындамын. Маған 5-ші орынға шығуға мүмкіндік бар. Ал, егер 5-ке өтсем, чемпиондық атаққа таласуға бір табан жақындай түсемін»,-дейді боксшы.
Ел мақтанышының дайындық барысын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.