Адамдар арасындағы адалдық пен жауыздық баяндалатын «Долана» фильмі жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың әңгімесі желісімен түсірілген.
Қазақ кино өнеріндегі үздік туындылардың бірі саналатын фильмнің режиссері - Мұрат Омаров. Ол бір ғана фильм түсірді. Жалғыз фильм десек те, «Долананың» қазақ киносындағы орны ерекше.
Себебі, онда қазақтың өз болмыс-бітімі бар. Фильмнен аңғалдықты да, алаңғасарлықты да, күлкі мен күрсінуді де көруге болады. Ең бастысы, фильмде қазақтың дархандығы мен даралығы суреттелген.
Есболған Жайсаңбаев, Тамара Қосубаева, Раиса Мұхамедьярова, Мүлік Сүртібаев сынды қазақ киносының майталмандары түскен көркем фильмді бүгін 00.55-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.