Банктер ақша қабылдайтын терминалдарды көптеп орнатып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктер ақша қабылдайтын терминалдарды көптеп орнатып жатыр

12.11.2015
Банктер ақша қабылдайтын терминалдарды көптеп орнатып жатыр
«Каспий банк» бұл тізімде көш бастап тұр.

Банктер клиенттерінің санын арттыру үшін ақша қабылдайтын терминалдарды көптеп орнатып жатыр. «Каспий банк» бұл тізімде көш бастап тұр. Ел аумағында оның 4 мың терминалы бар.

Тек бір жылдың ішінде ғана қондырғылардың көмегімен жүзеге асырылған төлемдер көлемі екі жарым есе көбейді. «Банк Хоум Кредит» 326 терминал ашқан. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 40 пайызға өспек.

Ал, АТФ банкінің 15 терминалы бар. Десе де, келешекте банктің әр бөлімшесі осындай қондырғылармен қамтылмақ.

Ламбриан ТОПУЗИДИС

Хабарламаларға жазылу