Күй – қазақтың ұлы қазынасы, баға жетпес байлығы. Кейінгі жылдары төл өнеріміз қанатын кеңге жайып келеді. Домбыраның құлағында ойнайтын талапты жастар баршылық. Солардың бірі – Ержан Ерболатұлы.
«Біздің бағымызға орай, қазір күй-тартысты насихаттауда ақпарат құралдары септігін тигізіп жатыр. Біздің танымалдығымыз – насихаттың арқасы»,-дейді күйші.
Ал, Ерасыл Нұрбекұлы – халықаралық байқаулардың бас жүлдегері. Ол – Павлодар қаласындағы музыкалық колледжде оқиды. Алайда, Алматыға жиі келіп тұрады.
«Бала кезімде «Еркем-ай» атты ән шығарғаным есімде. Ол – менің алғашқы туындым деп есептеуге болады. Алғашында, анам мені домбыраға бергісі келмеді. Кейін «Еркем-ай»-ды тыңдаған соң, өнерге алып келді»,-дейді жас күйші.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.