Бүгін Астанада Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Негізгі тақырып – «Қазақстан экономикасын долларсыздандыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар кешені: мәселелері мен келешегі».
Девальвация мәселесіне қатысты Олжас Құдайбергенов: «Кез келген адам ақшасын долларға ауыстыруға асығады. Неге? Себебі, ешкім девальвация кезінде ұтылғысы келмейді. Сондықтан, халық шығынданбауы үшін алдымен, Ұлттық банк курстық айырмашылыққа бағытталған теңгелік депозиттер бойынша 1 жылдан астам уақыт кепілдік беруі қажет. Оны тіпті заңды түрде 1 жыл немесе одан да көп деп нақтылап алуға болады. Бұл Ұлттық банкке әр жыл сайын 6 пайыз көлемінде теңгені девальвациялауға мүмкіндік береді»,-дейді.
Осы арада девальвацияның Дүниежүзілік сауда ұйымына әсері туралы сұраққа Олжас Құдайбергенов: «Бұл процесс Дүниежүзілік сауда ұйымы нормаларына қарама-қайшы келмейді. Бұл процесс әр мемлекетте өтіп жатыр. Бірақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына еш әсер етпейді»,-деді.
«Егер біз барлығымыз долларға өтсек, одан біз ұтпаймыз. Себебі, девальвацияға қаламыз. Ал, ол кезде тауарлардың да бағасы өседі. Жоғарыда айтып кеткен кепілдік енгізілсе, салымшылар депозиттерін доллардан теңгеге ауыстырар еді».